Жарияланды: 24.07.2018

Жаңа жердің жаңашылдығы көп

Түркістан облысындағы Отырар ауданындағы «Жаңа жер» шаруа қожалығының бүгінде аудандағы маңдайалды өндіріс орындарының бірі. Аталған қожалық бүгінде өз кәсібін өрге домалатып отыр. Құны 12 миллион теңгені құрайтын, шағын жұмыртқа өндіру кешенін іске қосқан. Кәсіпкер сол арқылы үш азаматты тұрақты жұмыспен қамтыған. Алдағы уақытта қожалық иелері егін және мал шаруашылығын дамытуды жоспарлап отыр. 800 гектардан астам жер алыпты. Айта кету керек, Отырар ауданы кеңес кезеңінен бері жүгері өсірумен төңірекке танылған аймақ. Мұнда суармалы жердің басым бөлігіне әлі күнге дейін аталған өсімдік егіледі. Алайда, күні кешегіге дейін ауданда оны тереңдетіп өңдеп сақтайтын орын болмаған. Енді мәне, осы олқылықтың орны толып отыр. Аудандағы Индустриалды аймақта құны 250 млн. теңгені құрайтын «Отырар Дән» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі іске қосылған болатын. Отырарлық кәсіпкерлер бүгінде істерін ілгерілетіп, көшін түзеп келеді. Отырарды енді өндіріс ошағына айналдыру қажеттігі туындап отыр. Ол үшін мемлекет тарапынан барынша қолдау көрсетілетін болады.

 М.Айтжанов

 

 

1 140 қаралым