Жарияланды: 16.01.2022

Оралда пластикалық орындыққа 6 айлық баланың басы қыстырылып қалды

фото информ.кз

Оралда пластикалық орындыққа 6 айлық баланың басы қыстырылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 16 қаңтар күні «Бәйтерек» шағынауданында болды. Сағат 13.06-да Үркер көшесіндегі үйде пластикалық орындыққа кішкентай қыздың басы қыстырылып қалғаны жөнінде хабар түскен. Шұғыл жеткен құтқарушылардың жедел іс-әрекеті нәтижесінде 6 айлық қыз бала құтқарылды. БҚО ТЖ департаменті балаларды қараусыз қалдырмау керектігін еске салады.

 

 

554 қаралым