Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевпен билік өкілеттіліктерін бөлу туралы мәміле жасамағанын жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Президент елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен арада өкілеттілікке байланысты ешқандай мәміленің болмағандығын айтты.
“Елбасымен өкілеттіліктерді бөлу туралы мәмілелер болған емес. Тек Қауіпсіздік кеңесі төрағасы қызметі туралы мәселе шешілді. Қиын кезеңде Қауіпсіздік кеңесінің басшысы екенімді жариялайтынымды ақылдастым”,-деді президент.
Сонымен қатар мемлекет басшысы елбасымен арада жеке тұлғалық артықшылықтар туралы әңгіме болмағанын жеткізді.
Қаңтардың 5-і күні Тоқаев елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты Қауіпсіздік кеңесінің басшысы қызметінен өмір бойына босатып, бұл қызметке өзі кіріскенін мәлімдеген болатын. Осыған сәйкес елдегі экономикалық және әлеуметтік мәселелерге байланысты наразылықты қатаң түрде басуға уәде берді.