Жарияланды: 29.03.2022

Түркістан: Сауран ауданында жиһаз цехы ашылды

Сауран ауданы Иассы ауылдық округінде «Sem Brand» жиһаз цехы іске қосылды. Өндірістік цехтың аумағы 3000 шаршы метрді құрайды. Заманауи технологиялармен жабдықталған цех жылына 80 мың орындық, 15 мың үстел шығаруға қауқарлы. Аталған кәсіпкерлік нысанға арнайы барған аудан әкімі Ғани Рысбеков ұжым жұмысымен танысты.

 
«Біз шетелдегі көрмелерге жиі барамыз. Мамандарымызды тәжірибе алмасуға шетелдегі түрлі ірі кәсіпорындарға жібереміз. Жүзден астам адамды жұмыспен қамтып отырмыз. Мамандарымыздың шеберлігі өнімдеріміздің сапалы болуы үшін өте маңызды. Қазіргі таңда өнімдерді еліміздің көптеген қалаларымен қоса Қырғызстанға да экспортқа шығарып жатырмыз»,- деді цех директоры Бабыр Шереханұлы.
 
«Sem Brand» жиһаз цехы — Түркия, Қытай және Ресей елдерімен бірлесіп жұмыс істеуде. Шетелдік соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен жабдықталған өндіріс орнында болашақта 300-ден астам адам жұмыспен қамтылады.
 
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
3 952 қаралым