Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Қазақстан мектептерінде жазғы оқу қай кезеңде өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Telegram-дағы арнасында пост жазып, мектептердегі оқу мерзіміне қатысты бұйрыққа қол қойғанын айтты. Қазақстанның барлық мектебі оқу жылын әдеттегідей 25 мамырда аяқтайды.
Еліміздің мектептерінде оқу жылын аяқтау және емтихандарды өткізу туралы бұйрыққа қол қойдым. Барлық қазақстандық орта білім беру мекемесі оқу жылын 25 мамырда аяқтайды. Жазғы мектеп 26 мамыр мен 17 маусым аралығында ұйымдастырылады.Асхат Аймағамбетов
9 және 11-сынып оқушылары үшін қорытынды емтихандары бекітілген кестеге сай өткізіледі. Мектеп оқушыларының каникулы әдеттегідей 1 қыркүйекке дейін жалғасады.