Жарияланды: 04.05.2022

Бірінші сынып оқушысын шапалақпен тартып жіберген педагог қандай жазаға тартылмақ?

Сурет: Zakon.kz

Мектеп дәлізінде оқушысы қызды бетінен шапалақпен тартып жіберген адамның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Зардап шеккен қыздың ата-анасы агрессия көрсеткен мұғалімге қатысты қолданылған жазаны қайта қарауды талап етеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқыс оқиға 12 сәуірде Түпқараған ауданының Ақшұқыр мектеп-гимназиясында орын алған.

Түпқараған аудандық білім бөлімінің 12 сәуірдегі бұйрығы бойынша Ақшұқыр мектеп-гимназиясының мұғаліміне «қатаң сөгіс» жарияланды. 14 сәуірде жоғарыда көрсетілген бұйрық негізінде педагог өз еркімен жұмыстан шығарылды.Маңғыстау облысының білім басқармасының баспасөз қызметі

Сонымен қатар, мектеп-гимназия директоры «ескерту» түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Қазіргі уақытта ата-ананың бұл шешіммен келіспеуіне байланысты мәселе қайта қаралып, тиісті шаралар қабылданатын болады.Маңғыстау облысының білім басқармасының баспасөз қызметі

Айта кету керек, баланың ата-анасы жұмыстан кеткен мұғалімді оқытушылық қызметпен айналысу құқығынан айыруды және болашақта білім саласына жолатпауды талап етеді.

1 205 қаралым