Жарияланды: 24.05.2022

ҰБТ кезінде камера мен құлаққап қолданған түлектің тестілеу нәтижесі жойылды

Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев Ұлттық бірыңғай тестілеудің бірінші аптасында анықталған заң бұзушылықтар туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол ҰБТ бойынша әр заңсыз әрекет мұқият тексерілетінін атап өтті.

Өткен аптада тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан барлығы 21 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды. Сонымен қатар жоғары нәтиже көрсеткен талапкерлерді қайта бақылау барысында ерекше назарымызға түскен тест тапсырушы болды.Руслан Емелбаев

Оның айтуынша, талапкер қаңтардағы тестілеу кезінде 72 балл, ал негізгі ҰБТ бойынша 130 балл жинаған.

Нәтижесі бірден 58 балға өскен, сондықтан біз қосымша күшейтілген бақылауды өткізуді жөн көрдік. Бейнежазбаларды тексеру барысында талапкердің ҰБТ ережелерін бұзғандағы белгілі болды. Ол тестілеу барысында бейнекамера мен шағын құлаққап қолданған.Руслан Емелбаев

1 094 қаралым