Жарияланды: 26.08.2022

«Атырау облысына жұмысқа орналастырып беремін» — деп алаяқтық жасаған тұрғын ұсталды

Кентау қалалық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші ер адамның айтуынша, оның сырттай танысы Атырау қаласында жұмыс істейтінін айтып «Атырау облысына жұмысқа орналастырып беремін» — деп сеніміне кірген. Ол үшін 250 000 теңге ақшасын алып, қайтармай алдап жүргені туралы жазып көрсеткен. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды.
Осыдан соң тәртіп сақшылары күдіктіні табуға бағытталған іс-шараларды атқарды. Нәтижесінде небәрі тәулік ішінде алаяқтық жайтына қатысы бар күдікті ер адам ұсталды.
Анықталғандай, ол Атырау қаласында жұмыс жасамайтын кентаулық тұрғын болып шықты. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
696 қаралым