Биыл екінші тоқсанның қорытындысы бойынша білім беру саласындағы орташа айлық атаулы жалақы 293,3 мың теңгеге жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 25,4%-ға артық, деп Ranking.kz сілтеме жасап Халық үні хабарлайды.
Инфляцияны ескерсек, сектордағы жалақының сатып алу қабілетінің нақты өсімі – 10,1%.
Мысалы, Қазақстан бойынша орташа атаулы жалақы – 312 мың теңге, бір жылда нақты мәндегі өсім – плюс 8,9%.
Білім беру саласындағы ең жоғары жалақы елордада – 414 мың теңге, былтырға қарағанда 18%-ға артық. Астанадағы жалақы еліміз бойынша орташа көрсеткіштен 41,1%-ға жоғары. Екінші және үшінші орында Алматы (335,7 мың теңге, бір жылда плюс 26,4%), Маңғыстау облыстары (326,2 мың теңге, бір жылда плюс 21,7%) тұр.
20 өңірдің тек алтауында саладағы еңбекақы Қазақстан бойынша орташа жалақыдан жоғары.
Сектордағы ең төмен жалақы мектепке дейінгі білім беру саласында: 147,3 мың теңге, нақты жылдық өсім – 11,2%.
Бастауыш білім беру сегментінде орташа айлық атаулы жалақы – 243,5 мың теңге (инфляцияны ескерсек, ондағы өсім – 10,5%), орта білім беру саласында – 343,5 мың теңге (бір жылда плюс 10,2%), жоғары білім беруде – 323,1 мың теңге (бір жылда плюс 12,7%).
Қосымша білім беру қызметтері саласындағы жалақы – 216,8 мың теңге (нақты өсім – 7,5%), білім берудің өзге түрлері сегментінде – 221,9 мың теңге (нақты өсім – 4,8%).
2022 жылғы екінші тоқсанында білім беру саласында жұмыспен қамтылғандар саны – 1,1 млн адам. Бұл өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіш 1,4%-ға артық.
Жұмыспен қамтылғандардың ең көп саны Түркістан облысында: 144,5 мың адам, бір жылда плюс 1,3%. Үздік үштікке Алматы (99 мың адам, плюс 2,7%) және Алматы облысы (80,6 мың адам, минус 37%) енді.
Секторда жұмыспен қамтылғандардың ең азы Ұлытау облысында: 14,4 мың адам.