Жарияланды: 20.09.2022

Жас маман: Жұмысқа қалай қабылданамын?

Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының қабылдау күніне орай азаматтар әртүрлі мәселелермен келіп жатады. Осындай қабылдаулардың біріне келген жас маман педагог болып жұмысқа қалай орналасатыны туралы сұрады. Бұл туралы департамент басшысы Ғалымжан Алматов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

 
«Естеріңізге сала кетсем, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 Бұйрығын айта кеткім келеді. Осы №57 бұйрықта мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы егжей-тегжей айтылған.
Жалпы, мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін лауазымға тағайындауға конкурс өткізу тәртібі бар.
 
Конкурсты республикалық мемлекеттік орта білім беру ұйымдары педагогінің бос және уақытша бос лауазымына тағайындау конкурсын тиісінше республикалық мемлекеттік орта білім беру ұйымдары ұйымдастырады.
 
Конкурстың өлшемшарттары қандай?
Конкурс аптасына 16 сағат және одан да көп сағат оқу жүктемесі бар педагогтің бос және уақытша бос лауазымына өткізіледі.
 
Бос лауазымдар болған жағдайда әрбір педагогке сағат саны педагогтің бір жарым ставкасынан аспауы тиіс.
Конкурсты ұйымдастыру тәртібі бойынша алдымен білім беру ұйымдарының ресми аккаунттарында хабарландыру жарияланады. Өтетін күні, орны және конкурстық комиссия. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген кандидаттардан құжаттарды қабылдау.
 
Кандидаттар құжаттарының Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігін қарау, конкурстық комиссияның қорытынды отырысы.
Конкурстық комиссия кемінде комиссияның бес мүшесінен, оның ішінде комиссия мүшелерінің арасынан сайланатын төрағадан тұратын алқалы орган болып табылады. Конкурстық комиссия құрамына білім беру ұйымы әкімшілігінің өкілдері, тиісті деңгейдегі әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) немесе білім беру ұйымының, азаматтық қоғамның әдіскерлері, аудандық (қалалық) білім бөлімінің мамандары, педагогтер кіреді.
 
Конкурстық комиссияның отырыстары аудио-бейне жазбамен сүйемелденеді. Аудио-бейне жазбалар білім беру ұйымдарында бірінші отырыс өткізілген күннен бастап бір жыл бойы сақталады.
Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Кеңес сұрап келген жас мамандарға айтарым, осы №57 бұйрықтың нұсқасымен толық танысып, жұмысқа орналасуларыңызға болады.
 
Сіздерге сәттілік!
Айтпақшы, жеке қабылдауға төмендегі номерге хабарласып, жазылсаңыздар болады.
Айсана Даниярқызы Бақтыбай
8-72-53-35-75-55
8-778-331-56-86
1 416 қаралым