Жарияланды: 22.11.2022

«е- Otinish» ақпараттық жүйесіне қатысты құқықтық оқыту жұмыстарын жүргізілді

Түркістан облысының Әділет департаментінің  бас маманы Нұржан Амангелдиева Департамент қызметкерлері мен аумақтық бөлімдерге «е- Otinish» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне қатысты өтініштердің статистикалық есебін толық қалыптастыру мақсатында құқықтық оқыту жұмыстарын жүргізді.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру және өтініш берушілермен жұмыс сапасын арттыру мақсатында азаматтардың мемлекеттік органдарға жүгіну рәсімдерін барынша жеңілдетуге және олардың қаралуын бақылауды жетілдіруге арналған «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі әзірленді.

Өтініштермен жұмыстың барлық процестерін цифрландыру келесіні қамтамасыз етеді:

— өтініштерді мемлекеттік органдардың құзыреті бойынша бағытын автоматты түрде анықтау;

— мемлекеттік органдар арасындағы сұраныстар санын оңтайландыру есебінен өтініштерді қарау мерзімін қысқарту;

— өтініш берушіні өтінішті қараудың барлық кезеңдері, сатылары және мерзімдері туралы хабардар ету;

— мемлекеттік органдарға келіп түсетін барлық өтініштердің бірыңғай базасын қалыптастыру.

Сонымен қатар, «Е-өтініш» жүйесі өтініш берушімен кері байланыс жүйесін жүргізуге және мемлекеттік органдардың жұмыс сапасын бағалауға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік органдардың жауаптары жүйелі талдаудан өткізіледі. Бұл жазылымнан бас тарту фактілерінің жолын кесуге ықпал етеді және нақты салаларда өтініштерді қараудың бірыңғай тәжірибесін қалыптастырады.

401 қаралым