Жарияланды: 22.11.2022

Түнгі рейдтік жұмыстар жалғасын табуда

Бүгінде жасөспірімдер арасында қылмыстың алдын алу үшін түрлі іс шаралар ұйымдастырылуда. Осыған орай Түркістан облысына қарасты Мақтаарал ауданында кәмелетке толмағандармен, оларға қарсы жасалатын қылмыс пен құқық бұзушылықты анықтау, алдын-алу, сондай-ақ, балалар еңбегін пайдалану, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын-алу, құқықтық сауаттылықты арттыру бойынша рейдттік профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Рейд жұмыстары жастар көп шоғырланатын орындарда және кафе-бар мейрамханаларда жүргізіліп, кәмелетке толмаған жасөспірімдердің түнгі 23:00 ден кейін заңды өкілдерінсіз көшеде жүрмеуі қадағаланды.

Қазіргі таңда, жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде түнгі беймезгіл уақыттары көшеде жүрмеуін қадағалауды ата-аналар назарына саламыз.

381 қаралым