Жарияланды: 22.11.2022

«Учаске» жедел профилактикалық іс-шарасы жалғасуда

Федерациясында ішінара жұмылдыру жарияланғаннан кейін елге кіретін Ресей азаматтарының саны күрт өсті.

Шетелдік азаматтардың үлкен ағыны елдің жедел жағдайына, қылмыстық, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтардың өсуіне әсер етуі мүмкін.

Осыған байланысты, құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша шараларды күшейту, заңсыз көші-қонның жолын кесу, сондай-ақ шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болу тәртібінің қағидаларын (әсіресе Ресей Федерациясының азаматтарын) бұзушылықтарын анықтау, сондай-ақ халық арасында ішкі істер органдарының имиджі мен беделін арттыру, азаматтармен сенімді тығыз қарым-қатынас орнату, қызмет көрсететін әкімшілік учаскелерде қоғамдық-саяси жағдайды қадағалау мақсатында, Түркістан облысына қарасты Мақтаарал ауданы аумағында ағымдағы жылдың қазан айының 1 мен қараша айының 1 күндері аралығында Республикалық «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Аталған іс-шараға, жалпы 60 қызметкер, оның ішінде Мақтаарал АПБ жергілікті полиция қызметінен 36, жедел уәкілдер 4, аудандық пробация қызметінен 4, қоғамдық құрылымдардан 11 тұлғалар жұмылдырылып, іс-шара бойынша қарқынды жұмыстар атқарылуда…

338 қаралым