Жарияланды: 23.11.2022

Ауданды ауыз сумен қамту прокуратураның назарында

Түркістан облысына қарасты Бәйдібек ауданының прокуроры Нұрлан Ешенқұловтың төрағалығымен аудандағы елді мекендерді таза ауыз сумен қамту бойынша жиын өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Елдос Айнақұл, аудандық «Бәйдібек су» мекемесінің басшысы Ұлан Акимов қатысты.

Мәжілісте аудандағы елді мекендерді таза ауыз сумен қамту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жобалар талқыланды.

Аудан прокруоры Нұрлан Ешенқұлов аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Елдос Айнақұлға елді мекендерде тұрғындар тұтынып отырған таза ауыз судың құрамын зертханадан өткізіп отыру, үнемі бақылауда ұстауды тапсырды.

Сонымен қатар жиында ауданды ауыз сумен қамту бойынша аудандық прокуратура тарапынан жүргізілген тексерудің нәтижесімен бірқатар кемшіліктер анықталғаны баяндалып, аудан прокуроры Нұрлан Ешенқұлов «Бәйдібек су» мекемесінің басшысы Ұлан Акимовқа айыппұл салынғанын жеткізді.

Жиынның қорытындысымен аудан прокуроры елді мекендерді ауыз сумен толық қамту бойынша жауапты бөлімге бақалуда ұстауды, ақау шыққан жағдайда шұғыл түрде қалпына келтіру, кемшіліктерді жою бойынша жұмыс жүргізуді тапсырды.

280 қаралым