Жарияланды: 23.11.2022

Құқықбұзушылық пен құқықтық сауаттылықты арттыру бағытында семинар өтті

Бүгінде жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Бірлік ауылдық округіне қарасты мектептің шақыртуымен жоғары сынып оқушыларына «Жастар ресурстық орталығы»КММ-нің психолог мамандары У.Махмутова және Түркістан облысына қарасты Мақтаарал АПБ ЖПҚ ӘЗЗҚТ инспекторы полиция капитаны Түзелов Құрманғазы Сұңқарбекұлы«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» атты тақырыпта психо-профилактикалық семинар-тренинг өткізді. Мақсаты — балаларды жақсы мен жаманды ажырата және өмірде қолдана білуге тәрбиелеу, жақсы мен жаманды салыстыра білу іскерліктерін дамыту, балаларға жақсылық пен жамандықты ажырата білуге, бір-бірімен достық қарым-қатынаста болуға, үлкендерге құрмет, кішілерге ізет болуға тәрбиелеу. Сондай-ақ, құқықбұзушылық пен құқықтық сауаттылықты арттыру, рухани құндылықтарды қалыптастыру, ұлттық сананы ояту болып табылады.

Семинар-тренинг барысында:жастармен ашық пікір алмасып,психолог мамандарынан кеңес берілді.

465 қаралым