Жарияланды: 23.11.2022

Облыстық соттардың арасында спорттық іс-шара өткізілді

Түркістан облыстық соты мен Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен облыстағы соттардың арасында  спорттық іс-шарасы өткізілді

Облыстық сотының төрағасы Турысбек Ерболғанұлы Мыятбеков өзінің құттықтау сөзінде спартакиаданы ашық деп жариялады.

«Сот корпусымен жыл сайын спорттық турнирдің өткізілуі жақсы дәстүрге айналды.   Бүгінгі іс-шараның маңызы зор. Спартакиада сот жүйесінің қызметкерлеріне өздерінің спорттық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік береді деп үміттенемін. Қатысушыларға жеңіске деген сенім және биік көрсеткіштер тілеймін», — деді Т.Мыятбеков.

Спартакиаданың ашылу салтанатына қонақ ретінде Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы Қанат Жарылқапұлы Жолдықараев қатысып, қатысушыларды келе жатқан мерекемен құттықтап, оларға сәттілік пен жеңіс тіледі.

Түркістан облысы соттарының судьялары мен мамандарынан құрылған командалары арасында воллейбол, үстел теннисі, шахмат және дойбы спорттары бойынша жарыстары өтті.

Іс-шараның жалпы қорытындысы бойынша жеңімпаздар жуық арада марапатталатын болады.

Спартакиадаға қатысқан судьялар өздерінің тек сот төрелігін жүзеге асырумен ғана шектелмей, салауатты өмір салтын да қолдауға тырысатындықтарын тағы бір мәрте дәлелдеді.

 

 

 

295 қаралым