Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібекұлының бастамасымен былтырғы жылдан бері ауданымыздың барлық ауылдық округтерінде «Ауыл – Ел тірегі» 10 күндік іс-шаралары өткізілуде. Осындай он күндік іс-шаралары Қайнарбұлақ ауылдық округінде де бастау алған болатын.
Мектеп оқушылары арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, оқушылардың жүріп-тұруларына қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету мақсатында «Ауыл – Ел тірегі» 10 күндік іс-шаралары аясында ауылдық округіне қарасты Қасымбек датқа ауылындағы №67-ші «Көмешбұлақ» жалпы орта мектебінің алдындағы Жаназат Дүйсебайұлы көшесі бойына екі жерден жасанды жол кедергілері орнатылды.
Қайнарбұлақ ауылдық округінде «Ауыл – Ел тірегі» 10 күндік іс-шараларына сәйкес тиісті жұмыстарды атқару онан әрі жүргізілуде.
Сонымен қатар, «Ауыл – Ел тірегі» 10 күндік іс-шаралары жоспарына сай бекітілген кестеге сәйкес аудан әкімдігінің тиісті бөлім басшылары тарапынан ауыл тұрғындарын жеке қабылдау жұмыстары да жүргізілуде.