Түркістан облысына қарасты Сайрам аудандық мемлекеттік архивінің ұйымдастыруымен, аудан әкімі аппаратының үлкен мәжіліс залында «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы №703 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар» — тақырыбындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық архиві қорының жинақтау дереккөздері болып табылатын аудан бойынша мекеме, ұйымдардың, кәсіпорындардың іс-жүргізушілері мен құжат айналымына жауапты мамандардың және есепшілердің қатысуымен кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында оқу семинары өткізілді.
Семинардың негізі мақсаты – мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың құжаттама жасау және құжаттаманы басқаруды бойынша жауапты қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру. Ұйымдарда құжаттарды толық, қалыпты сақталуын қамтамасыз ету, жоғалуына жол бермеу. Қазақстан Республикасы архив ісін реттейтін нормативтік-құқықтық актілеріндегі жаңа өзгерістер және толықтырулармен таныстыру, түсіндіру, жұмыс барысында оларды басшылыққа алу.
Семинарды аудан әкімі аппаратының жалпы бөлімшесінің басшысы М.Қожамқұлов ашып, жүргізіп отырды. Сонымен қатар құқықтық сауаттылықты арттыру мәселесі де бар.
Ұйымдарда сақталатын жеке құрам жөніндегі құжаттардың жиі жоғалуы, толық сақталмауы азаматтардың зейнеткерлікке шыққанда қандай проблемаларға әкеліп соғатыны туралы арнайы осы мәселеге қатысты «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ ОҚО бойынша филиалы – «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» департаменті Сайрам аудандық бөлімшесінің бас маманы А.Әшірбаев семинарға шақырылды. Сонымен қатар, Сайрам ауданы бойынша Ұлттық архив қорының жинақтау дереккөздері болып табылатын мекеме, ұйым, кәсіпорындардың іс жүргізушілері, құжат айналымына жауапты мамандар және есепшілер қатысты.
Семинарға қатысушыларға мекеме, ұйымдарда істер номенклатурасын түзу кезінде жаңадан бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің “Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесі” тиісті бұйрығымен жаңа редакцияда қолданысқа енгізілгені атап өтілді.
Осыған орай, барлық мекеме (ұйымдар) 2023 жылға арналған істер номенклатураларын тізбеге сәйкес сүйеніп, жұмыс барысында оларды басшылыққа алу іс жүргізушілердің міндеттеріне жүктелді. Сонымен қатар, ұйымдарда құжаттарды толық, қалыпты сақталуын, құжаттардың жоғалуына жол бермеу мәселелері талқыланды.
Өз кезегінде архив ісін дамыту, мекеме ұйымдарда құжаттаманы дайындау және басқаруды тиісті деңгейде жүргізуді қамтамасыз етілетін болады.