Жарияланды: 25.10.2022

Ерлігі ескерілді 

Ерлігі ескерілді 
Республика күніне орай Түркістан облысына қарасты Жетісай аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен іс-шара өткізілді. Салтанатты шарада полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Әділбек Сапарбеков құттықтау сөзін арнады: «Республика күні-егемендігіміздің, елдігіміздің жарқын бейнесі. Осы тұста ел тыныштығын сақтауға қысы-жазы, күні-түні қызмет еткен полицейлердің еңбегін де айтыр өтуге болады. Яғни ішкі істер органдары саласында жылдар бойы қызмет етіп, еңбегі сіңген ардагерлер мен қоғамда бүгінгі күннің батырларына айналған тәртіп сақшыларының ерліктеріне айрықша тоқталғым келеді. Әсіресе қызметтік міндетін адал атқарып, үздік көрсеткіштерге қол жеткізген полиция капитаны Аян Хайруллаев, «Ерлігі үшін» төсбелгісін иеленіп отыр. Ендеше осындай ержүрек полицейлер қатары көп болсын!»-деп атап өтті.
Атап өтсек, тілсіз жаудан егде жастағы әйелді құтқарған Жетісай аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметі бөлімшесінің бастығы полиция капитаны Аян Хайруллаев, «25 қазан – Республика күні» мерекесі қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Ерлігі үшін» медалімен наградталды. Төсбелгіні Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды салтанатты түрде табыс етті.
Сондай-ақ полицейлер ұйымдастырған мерекелік іс-шарада 62 ІІО ардагері, сонымен қатар полиция бөлімінің 45 қызметкері «Алғыс хатпен» марапатталды. Жиын соңы жергілікті өнерпаздардың концерттік бағдарламасымен ұласты.
392 қаралым