Жарияланды: 25.11.2022

Тәжікстан азаматының көлігінде тыйым салынған заттар тәркіленді

 

Шекаралық амақтарда есіркіқұмарларды ұстауда иттердің көмегі көп. Күні кеше Клементина атты қызметтік ит шетелдіктен есірткі табуға көмектесті

Түркістан обылсына қарасты Сарыағаш аудандық полиция бөліміне «Жібек жолы» шекара бақылап-өткізу бекетінде Өзбекстан Республикасына өтпекші болған шетелдіктен есірткі заттары табылғаны бойынша хабарлама келіп түсті. Полицейлер анықтағандай, Клементина есімді қызметтік ит Тәжікстан азаматының көлігінде тыйым салынған заттардың бар екеніне белгі берген. Тәртіп сақшылары күдіктіні тінту кезінде оның «ВАЗ-2107» автокөлігінің жүксалғышынан есірткіге ұқсас затты тапты. Полицейлер тәркіленген заттай дәлелдемелерді сараптамаға жіберді. Қорытындыға сәйкес оның «гашиш» есірткісі екені анықталды. Күдікті қамауға алынды.

Бұл жайт ҚР ҚК-нің 286-бабы бойынша «Айналыстан алынған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы» бойынша тіркелді. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда. Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға есірткінің заңсыз айналымына байланысты қандай да бір қылмыс жасағаны үшін қатаң қылмыстық жауапкершілік барын ескертеді. Сондай-ақ тұрғындарды жаман әдеттерден арылуға және салауатты өмір салтын ұстануға шақырады.

337 қаралым