Жарияланды: 28.10.2022

№1 қалалық емхананың бас дәрігері Әл Фараби ауданы тұрғындары алдында есеп берді

 

Шымкент қаласының Қоғамдық кеңес жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстарын бақылау жөніндегі тұрақты комиссия отырысында Қоғамдық кеңес мүшелері медицина ұйымдары басшыларының халық алдындағы есебін ұйымдастыруды ұсынды.

 
Осыған байланысты 2022 жылдың 28 қазан күні №1 қалалық емхана бас дәрігері Махамбет Әбдезімұлы Бейсеуов Әл-Фараби ауданының халқы алдында, емхананың 2022 жылғы 9 айында атқарылған жұмыстары бойынша есеп берді
 
Жиналысқа Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқарма басшысы Н.Асылбеков және Шымкент қаласы Қоғамдық кеңес жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстарын бақылау жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі Жанысбек Өтеген қатысты.
420 қаралым