Жарияланды: 25.11.2022

Іс шараның мақсаты – әскери қызметтің беделін арттыру

 

Түркістан облысына қарасты Ордабасы аудандық ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Ел ертеңі-жас ұрпақ» атты іс-шара өткізілді. Патриоттық бағытта ұйымдастырылған іс-шарада жастарға отансүйгіштік қағидалары, жастардың әскери қызметке деген қызығушылық арттыру, әскери қызметтің беделін арттыру мселесі де сөз болды. Іс-шара ға ауданның атын Республикалық деңгейге шығарып жүрген дарынды жастарымыз қатысты. Артықбай Әсемай Шадықанқызы — Төрткүл ауыл округі «Қызылжар» жалпы орта мектебініің оқушысы. «ҰЛЫ ДАЛА ДАРЫНЫ» төсбелгісі иесі, «Тәуелсіздік бәріне қымбат» атты Республикалық байқаудың жеңімпазы, Үздік ғылыми жоба қатысушы, Дарынды жастар жобасының алтын төсбелгі иесі. Алишев Абылай — Бөржар ауыл округі М.Х.Дулати ж.ом. оқушысы. Джиу-джитсудан Қазақстанның 2 дүркін жеңімпазы, ММА-ден және қоян қолтық ұрысынан спорт шеберіне үміткер. Ташкент Бұқара қаласы джиу-джитсудан Азия чемпионы. Қалдарбекова Қарақат — «Өнерге қанат қаққандар» Республикалық жарыстың бас жүлде иегері, Халықаралық конкурстың 1 орын иегері. Мәлік Әсем — Төрткүл ауыл округі, Төрткүл ж.о.м. оқушысы, ҚР дарынды оқкшыларының Алтын кітабы құрамына кірген.  Оқушы жастармен кездесу өткізіліп, еңбек жолдарымен танысып, алғыс хаттар берілді. Мұндай жиындардың жастар үшін берері көп әрине. Биік жетістіктерге жеткен жастарға арап бой түзейді, солардай болсам деп талпынады. Сондықтан да алдағы уақытта дәл осы сарындас іс шараларды көптеп ұймдастыруға уағдаласты.

 

582 қаралым