Жарияланды: 25.11.2022

Шығармашыл зиялыларға заңнамалық түсіндірме берілді

 

Шығармашылық бар жерде, туындыгерлердің иелігіндегі меншікті дүниесі бар жерде оны сақтау мақсатында қандайда бір заңнамалық құқықтары сақталғаны жөн.  Кез-келген автордың туындысы – оның жеке меншігі болып табылады. Оған өзге біреудің билігі жүрмеуге тиіс. Тіпті, билік органдарының да авторды  билеп-төстеуге хақысы жоқ. Сондықтан оны автордың айырықша құқығы деп атайды. Бұл айырықша құқық авторлық құқық туралы заңның алты бірдей бабында нақты белгіленген. Осы бап бойынша  автор өз шығармасын сата ма, жалға бере ме, біреуге сыйлай ма, тек өзі біледі. Сондықтан олар әлемде қалып­тасқан тәртіп бойынша, құқықтарын өз еркімен келісім-шарт негізінде өздері құрған ұйымға басқаруға тапсырады. Халықаралық құқық бойынша авторлық құқық саласына антимонополиялық заңнама талаптары жүрмейді. Осы салада көптеген мәселелер бүгінде түрлі дөңгелек үстелде талқыанып жүр.

28 қазан күні Түркістан облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің қызметкерлері Түркістан қаласындағы бір топ композиторлардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізді. Іс-шара барысында зияткерлік меншік объектілерін қорғау, оның ішінде авторлық құқық және сабақтас құқықтарды ұжымдық басқару жайында ашық пікіралысу болып, шығармашыл зиялыларға заңнамалық түсіндірме берілді.

Атап айтқанда, авторлық құқық және сабақтас құқықтар мәселелеріне қатысты нормативті құжаттар таныстырылып, өзара сындарлы диалог жүргізілді. Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және сақтау саласындағы өзара іс-қимыл мен тығыз ынтымақтастық туралы ортақ шешім қабылданды.

 

 

 

 

                                              

324 қаралым