Жарияланды: 25.11.2022

Кәсіпкерге тиесілі қаражатты төлетіп, көмек көрсетті

 

Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы Жеке кәсіпкер «Айша» құқықтық көмек көрсетіп, кәсіпкерге қолдау көрсеткен. Жеке кәсіпкер «Айша» өзінің кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыру барысында, мемлекеттік сатып алу порталы арқылы Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «Бәйдібек ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі» ММ-нің баға ұсынысы тәсілімен жарияланған мемлекеттік сатып алу хабарламасының жеңімпазы болып танылған. Заңның талаптарына сәйкес, Мемлекеттік мекеме мен кәсіпкер арасанда мемлекеттік сатып алу шарты түзіліп, нәтижесінде кәсіпкер мемлекеттік мекемеге қажетті тауарды (антисептик) уақытылы және сұратылған көлемде жеткізу жұмыстарын толығымен атқарады.

Алайда, мемлекеттік мекеме өкілдері алынған тауар үшін төленуге жататын төлемді жүргізуге асықпай, кәсіпкердің уақыты мен қаржысына заңсыз иелік еткен.

Ал кәсіпкерлер үшін уақыт баға жетпес ресурс болып табылады, ал қаржы болса баға жетпес мүмкіндік екендігі белгілі.

Осыған байланысты, Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы дер уақытында мемлекеттік органмен байланыс орнатып, нәтижесінде кәсіпкерге тиесілі қаражатты төлетіп құқықтық көмек көрсеткен.

 

 

477 қаралым