Жарияланды: 25.11.2022

«Инвестициялық жобалар»: Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілді

Жуырда «Түркістан» ӘКК» АҚ-ның алаңында Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Кеңесінің көшпелі отырысы өтті.

Ағымдағы жылы  Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл (Сыбайлас жемқорлаққа қарсы күрес) Агенттігінің Түркістан облысы бойынша депратаментінің ұйымдастыруымен «Түркістан» әлеметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілген болатын.

Сыртқы талдау жүргізу барысында, «инвестициялық жобаларды» іске асыру үшін берілген жер учаскелерін сатумен, тұрғын үй салумен, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру жөніндегі тиісті шараларды орындамаумен және корпоративтік қордың тиісінше емес қызметімен байланысты тәуекелдер анықталып, Департаментпен Қоғамға анықталған кемшіліктерді жою жөнінде ұсыныс келтірілген.

Кеңес отырысында, Департаменттің Превенция басқармасының басшысы Е.Жүнісов сыртқы талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жеке-жеке тоқталып, кеңінен баяндаса, «Түркістан» ӘКК» АҚ-ның Басқарма Төрағасы Ж.Нұрпейісов талдау нәтижелері бойынша енгізілген ұсыныстарды қарау бағытында атқарылған жұмыстарды баяндап кетті.

Жиын соңында, Кеңестің хаттамалық шешімімен Акционерлік Қоғамға Депаратментпен енгізілген ұсыныстың әрбірі бойынша заңмен көрсетілген мерзімде Департамент пен Түркістан облыстық Кәсіпкерлер палатасына толыққанды ақпарат беру ұсынылды.

Бүгінгі таңда, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы аумақтық Департаменті мемлекеттік органдар мен басқа да қызмет көрсету ұйымдарында бизнесті жүргізуде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол беру фактілерін анықтау жөнінде ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Алдағы уақытта, Өңірлік Палата Департаментпен бірлесе отырып бұл бағытта бірлесе атқарылған жұмыстар нәтижесін бизнес-қауымдастыққа кеңінен баяндайтын боламыз.

Өз кезегінде, Өңірлік Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік органдар мен кез-келген қызмет көрсету ұйымдарында, не олардың лауазымды тұлғалары тарапынан кез келген азаматтың өтінімін қарау кезінде, не бизнесті жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық фактілері орын алған жағдайда Өңірлік палатаға не Департаменттің сенім телефондарына хабарласуға, жазбаша өтініш қалдыруға болатынын назарға салады.

 

296 қаралым