Жарияланды: 26.11.2022

Басты мақсат құқықбұзушылықтың алдын алу

 

Түркістан облысына қарасты Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты №8 В.Комарова атындағы жалпы орта білім беретін мектептің жоғарғы сынып оқушылары арасында арасында нашақорлыққа қарсы профилактикалық жұмыс жүргізілді. Кездесуге аудандық орталық ауруханасының нарколог дәрігері Г.Алгиева және ДНО мейірбикесі Ж.Жұмабаева қатысты. Кездесудің басты мақсаты, адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған есірткінің, темекінің зияны мен зардабы туралы түсіндіре отырып, жастарды салауатты өмірді таңдауға, есірткінің кесірінен қылмысқа, құқықбұзушылыққа бармауға, тазалыққа, лас істерден аулақ болуға тәрбиелеу болып табылады. Бұдан бөлек, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқарамасының «Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты М.Әуезов атындағы жалпы орта мектеп гимназиясында, ерте жүктіліктің алдын алу бойынша 8-11 сынып оқушыларымен «Ерте жастағы жүктілік салдары» тақырыбында кездесу өткізілді.  Кездесуге Арыс аудандық орталық ауруханасының акушер гинекологы А.Атамкулова, әлеуметтік психолог П.Имашева, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.Аубакирова, Г. Балқыбекова және мектеп мейірбикесі Г.Туранова қатысты.

Жиында оқушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарға жауаптарын алып, түрлі кеңестер берілді.

 

472 қаралым