Жарияланды: 26.11.2022

Заң бұзушылықтың орын алуына жол бермеу мақсатында бірлесіп жұмыс жүргізу келісілді

Түркістан облысына қарасты Ордабасы ауданының прокуроры К.Нәрікбаевтің төрағалығымен аудан аумағындағы сауда дүкендерінің иелерімен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалары бойынша мәселелерге қатысты мәжіліс өтті.

Кездесуге аудан әкімінің орынбасары Қ.Сейітқұл, «Атамекен» ҰКП Ордабасы ауданы филиал директоры С.Бердимуратов, аудандық статистика басқармасының басшысы М.Шамшидинова, аудандық кірістер басқармасының қызметкерлері, ауыл округі әкімдері, аудан кәсіпкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.

Мәжілісте аудан аумағында азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында 29.04.2022ж. аудан әкімінің №18 өкімімен жұмысшы топ құрылғандығы және ӘМАТ тауарларының 19 түріне мониторинг жүргізіліп, бағаны негізсіз көтермеу бойынша түсіндірілді.

Жалпы аудан аумағында 455 сауда орны бар, оның ішінде 388 азық-түлік дүкендері, 5 базар, оның ішінде 2 аралас заттар базары, 3 мал базары.

ӘМАТ бағаларының негізсіз көтерілуіне жол бермеу мақсатында жалпы жергілікті тауар өндірушілер мен 17 сауда орындары (15 сауда дүкендерімен және 2 аралас заттар базарымен) арасында екі жақты ынтымақтастық меморандумы түзілген.

Аудан кәсіпкерелеріне сауда саясаты жайында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ретсіз сауданы болдырмау, өзге де заңдылықты бұзушылықтың орын алуына жол бермеу мақсатында бірлесіп жұмыс жүргізу келісілді.

 

441 қаралым