Жарияланды: 26.11.2022

Алдын алу жұмыстары бойынша кездесу өткізілді

 

 

Қазіргі таңда әкенің отбасыдағы, қоғамдағы алар орны ерекше. Отбасының тірегі ретінде әкенің орнын жоғары бағалап, отау иесі, елдің тұтқасы ретінде биік қойған. Қазіргі заманда әкенің ролін биік қою, отағасының беделін арттыру бағытында көптеген жұмыстар атқарылуда. Сүргіні көп уақытта әкенің бала тәрбиесімен айналысуына уақыты жоқ. Ата аналар жиналсына тек аналары ғана келеді. Баланың еркек азаматының берген тәрбиесі мүлдем бөлек болады дейді мамандар. Әкенің балаға деген тәрбиесін, қамқорлығын сезінуі үшін түрлі жобалар қолға алынуда. Соның бірі «Әкелер кеңесі». Бүгінде Түркістан облысында қолға алынған жоба бойынша түрлі жұмыстар атқарылуда. Әкелер кеңесі түрлі жиындар өткізіп тұрады. Оның бала тәрбиесінде атқарар ролі зор болатыны анық.  Жуырда «Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты №32 Ә.Жангелдин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Әкелер кеңесінің» төрағасы С.Ділдәбеков 8- сынып ер балаларына құқықбұзушылықтың, нашақорлықтың  зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмыстары бойынша кездесу өткізілді.

Кездесудің мақсаты — жаман әдеттерден сақтану, беймезгілде ата — ананың қадағалауынсыз жүрмеу болып табылады. Ұлттық тәрбиенің баланың өмірінд алатын орны жайлы да баса айтылды.

 

447 қаралым