Жарияланды: 26.11.2022

Сот төрелігін жүзеге асыру сапасын арттыру мәселелері талқыланды

 

Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі алқа төрағасы Г.Н.Егембердиева Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасы Судьялар одағы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясы және Павлодар облыстық соты ұйымдастырған «Жаңа Қазақстан жағдайындағы сот жүйесі және сот төрелігі: мемлекет және болашақ» атты судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерінің ІІ Халықаралық форумына қатысты.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы Ж.Қ.Асанов форумға қатысушыларға сәлемдемесін жеткізіп, оларға нәтижелі жұмыс тіледі.

Форумға Павлодар облысының әкімі А.Б.Сқақов, Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының ректоры З.Х.Баймолдина, көршілес елдердің ғалымдары, республиканың бірқатар облыстарының судьялары қатысты.

Форумға қатысушылар сот төрелігін жүзеге асыру сапасын арттыру мәселелерін талқылады.

Қызықты тақырыптардың бірі «Айрықша пікір институты» тақырыбындағы баяндама болды, баяндаманың авторы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы С.Ж.Абдолла істі сот алқасының құрамында қарау барысында, көпшіліктен өзгеше пікірі бар судьялар өз пікірін білдіру тетігі жоқ екенін, ал судьяның шынайы ұстанымы жария етілмейтінін және сот залында судьяның ерекше пікірі жарияланбайтындығын жеткізген. Бұл тақырып талқылау нысанасы болып табылады, себебі қолданыстағы модель ашық сот талқылауы, барлық судьялардың құқықтарының теңдігі және олардың тәуелсіздігі қағидаттарына толық сәйкес келмейді.

Сонымен қатар, форумға қатысушылар Павлодар облыстық сотында орналасқан мұражайдың ашылуына қатысты, онда сот тарихы мен оның бүгініне, өткен жылдардағы мұрағат құжаттарына қатысты жәдігерлер көрсетілді. Ұсынылған экспонаттар мұражайдың сот қызметін жүзеге асыруға қажетті негіз болып табылады. Мұражай құрудың тамаша идеясы – көп жылғы мұрағат материалдарын сақтауға деген ұмтылыс және ұрпақтар арасындағы байланысты сақтау үшін әділет органдары қызметкерлерін жинақталған материалдарды ұрпақтан-ұрпаққа сақтауға мәжбүр етеді.

 

461 қаралым