Жарияланды: 26.11.2022

Сыбайлас жемқорлық қылмысының алдын алу бағытында дебат ойыны өтті

 

Түркістан облысы Сайрам ауданына қарасты Қарабұлақ ауылында орналасқан №101 жалпы орта мектебінде  Сайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімі «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)Түркістан облысы бойынша департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінің  хатына сәйкес, Мемлекет басшысы Қ.Ж.Тоқаевтың 2-ақпандағы N802 Жарлығымен 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы бекітілгені және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, оған қарсы тұру, жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтарды танымал ету, сақтау оны нығайту, жастар арасында адалдық идеологиясыны насихаттау және терең білімнің маңыздылығыны түсіндіру мақсатында арнайы іс шара болып өтті. Аталмыш мектептің ҚББП-ы Ш.Абдурахманова, М.Сайдазимов, М.Адилбековалар басшылығында «Ұшқыр ой дебаттық қозғалысының» кезектегі «Дебат» байқауына басшылық етіп, оған төмендегі оқушылар «9-желтоқсан-Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне» орай төмендегі тақырыптарда сайыс ұйымдастырып өткізді.  БП Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз деп есептейді, БП Сыбайлас жемқорлық індет, жою міндет деп есептейді, «Ұшқыр ой дебаттық қозғалысы»-ның пікір сайысына «Жалын» клубы мүшелерінің қатысу мен 4 фракция мүшелері сайысқа түсіп, «Жалын» фракциясынан 8-В сынып оқушылары Эркинжанова Нилуфар, Эргешова Рухсора, «Қыран» фракциясынан 8-Ә сынып оқушылары Худайбергенова Зайнаб, Абдужаппорова Малика, «Жас Ұлан» фракциясынан 8-А сынып оқушысы Эргешова Унсиной, 8-В сынып оқушысы Абдимажитова Зебо, «Қазақстан жұлдыздары» фракциясынан 8- Б сынып оқушылары Адилбекова Хадича, Батиралиева Асалайлар дебаттық сайысқа қатысып, өзара ой мен пікір алмасды.

«Ұшқыр ой дебаттық қозғалысы» байқауының қорытындысы бойынша «Жалын» фракциясы 69 ұпайға ие болып, бірінші орынға ие болса, «Қыран» фракциясы 65 ұпайға ие болып 2-орынға ие болды және «Жас Ұлан» фракциясы 62 ұпай алып, 3-орын ие болды, ал «Қазақстан жұлдыздары» фракциясы 59 ұпай алып, 4-орынға ие болды,-құрметті Әріптестер!

Іс-шараның мақсаты: Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы түсінік беру; Мектепте құқықбұзушылықтың алдын алу, әлімжеттілікті болдырмау, зорлық-зомбылықтын алдын алу;

Болашақ ұрпақтың бойында патриоттық сезімін ояту және Отанымыз үшін адал перзенттер болуына баулу;  Отансүйгіш азамат болып өсүіне тәрбиелеу; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту және оның кез келген көрінісіне мүлдем төзбеушілік жағдайын қалыптастыру арқылы азаматтық қоғам сыбайлас жемқорлықпен күреске белсенді қатысу, заң алдындағы жауапкершілігін арттыру болып табылады.

 

 

 

1 040 қаралым