Жарияланды: 27.11.2022

Әр мектепке жетекші-тәлімгер болып бекітілген

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстарды күшейту мақсатында Түркістан қаласы прокуратурасының қызметкерлері қала аумағындағы әрбір мектепке жетекші-тәлімгер болып бекітілген.

Прокурорлар мектептердің әкімшілігімен тығыз байланыс орнатып, мектептердің тыныс-тіршілігімен, оқушылар арасындағы құқық бұзушылық профилактикасының жай-күйімен танысуда, ювеналды полиция инспекторларымен бірлесе оқушылар мен ата-аналар арасында құқық түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Қараша айында прокурорлардың қатысуымен барлық мектептерде ата-аналармен кездесулер өткізіліп, онда бала тәрбиесі, отбасыдағы тұрмыстық зорлық-зомбылық, суицид және жыныстық қылмыстардың алдын алу мәселелері талқыланып, құқықтық кеңестер берілді.

Кәмелетке толмаған балалардың қатысуымен немесе оларға қатысты орын алған кез-келген құқық бұзушылықтар туралы полицияға хабарлануы тиіс.

 

280 қаралым