Жарияланды: 27.11.2022

Мемлекетке аса ірі мөлшерде залал келтірген

 

Түркістан облысына қарасты Бәйдібек аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағында көзделген қылмысты жасаған, яғни Н.Ә мен А.Ж адамдар тобының алдын алу сөз байласуы бойынша «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды,мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялауға» мемлекеттік бағдарлама аясында қылмыстық жоспар құрып, нәтижесінде А.Ж мен Н.Ә қасақана қылмыстық құқық бұзушылықты жасауға сіңірген үлестеріне қарай жалпы 43 460 000 (қырық үш миллион төрт жүз алпыс мың теңге) қаржыны өзара бөлісіп алып ,осы көлемде мемлекетке аса ірі мөлшерде залал келтірген.

Сотталушы азаматтар Н.Ә-ға және сотталушы Қылмыстық кодексінің 28-бабы,5 бөлігі ,190-бабы 4-бөлігінің 2, тармағымен көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, Н.Ә-ға 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы ,А.Ж-ға 5 жыл бас бостандығынан айыру жазалары тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

294 қаралым