Жарияланды: 27.11.2022

Шақырту қағазын өзі қолма-қол қабылдап алғаны сот отырысында анықталды

 

Түркістан облысына қарасты Отырар аудандық сотымен Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 665-бабының 1-бөлігімен А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. Әкімшілік іс материалдарына сай, құқық бұзушы Отырар аудандық сотының 05.07.2017 жылғы атқару парағы негізінде талапкер «Оңтүстік АИО» ЖШС-нің пайдасына 230 566 529 теңге өндіру туралы атқару құжаты бойынша 15 тамыз 2022 жылы, 10 сағат 30 минутқа шақырту қағаздары жіберілгенін біле тұра сот орындаушысының шақыруына келмеген.

Сот отырысында құқық бұзушының өз кінәсін мойындап, қосымша 15 тамыз 2022 жылы жеке жұмыстарының болуына байланысты сот орындаушысына келмегендігін көрсетті.

Әкімшілік іс жүргізудің қатысушысын тыңдап, істегі құжаттарды зерттеп, сот төмендегі тұжырымға келді.

ӘҚБтК-нің 665-бабының 1-бөлігіне сәйкес прокурордың, тергеушiнің, анықтау органының шақыруы бойынша айғақтар беру үшін, сот орындаушысына, сот приставына атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша келмеу, сол сияқты айғақтар беруден бас тарту немесе көрiнеу жалған айғақтар беру – жеке тұлғаларға – үш, лауазымды адамдарға он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

«Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 261-IV Заңының 27-бабына сәйкес, атқарушылық іс жүргізуге қатысушылар атқарушылық әрекеттер туралы және мәжбүрлеп орындату шаралары туралы хабарламамен хабарланады немесе сот орындаушысына не атқарушылық әрекеттер жүргізілетін жерге шақыру қағазымен шақырылады.

Алайда, құқық бұзушы жоғарыда аталған шақырту қағазын өзі қолма-қол қабылдап алғаны сот отырысында анықталды.

Сот қаулысымен құқық бұзушыға Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 665-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 9189 теңге әкімшілік айыппұл салынды.

Сот қаулысы заңды күшіне енбеген.

 

 

 

325 қаралым