Жарияланды: 27.11.2022

Тұтынушы құқығын қорғау маңызды

Тұтынушы құқығын қорғау маңызды

Түркістан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінде «Ашық есік күні» өткізілді.  Азаматтарды қабылдауды Түркістан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің қызметкерлері мен басшысы жүргізді. Қабылдау барысында барлық өтініш берушілерге консультативтік көмек көрсетілді. Тұтынушылар тарапынан өздерін қызықтырған түрлі сауалдар қойылды. Әр тұтынушы күн сайын тауар сатып алып, қызметтерді пайдаланады Алайда әр тұтынушы ретінде құқығын біле бермейді. Мәселен, сатып алушының сатушымен (тапсырыс берушімен, дайындаушымен) қарым-қатынасы «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңда реттеледі. Оның 7-бабына сәйкес тұтынушының: тауарларды (орындалатын жұмысты және көрсетілетін қызметті) сатып алу туралы шарттарды еркін түрде жасасуға; тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы ағартуға және тұтынушының өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелерінде құқықтық сауаттылығын арттыруға;

 тауар (жұмыс, қызмет) туралы, сондай-ақ сатушы (дайындаушы, орындаушы) туралы ақпарат алуға;  қауіпсіз тауарды (жұмысты, қызметті) сатып алуға; тауарды (жұмысты, қызметті) еркін түрде таңдауға;

 тауардың (жұмыстың, қызметтің) тиісті сапасына; тиісті де, тиісті емес те сападағы тауарды айырбастап алуға немесе қайтарып беруге;  тауардың (жұмыстың, қызметтің) кемшіліктері салдарынан өздерінің өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген залалды (зиянды) толық көлемде өтетуге;  сатушыдан (дайындаушыдан, орындаушыдан) тауарды сатып алу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) фактісін растайтын құжатты немесе тауарды сатып алу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) кезінде жасалған шартты алуға; ұтыс түрінде берілген (орындалған, көрсетілген) тауардың (жұмыстың, қызметтің) сапасы бойынша ойындардың бастамашысына (ұйымдастырушысына) шағым ұсынуға;  тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерін құруға; моральдық зиянды өтетуге;  құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға құқығы бар. Осы сынды қарапайым ғана қағидаларды түсіндіріп өтті. Тұтынушының құқықтары көп, сондай-ақ ол түрлі аспектілерге қатысты. Оларды ұмытпау және өз мүддесін яғни, тұтынушы құқығын қорғау маңызды.

 

 

648 қаралым