Жарияланды: 27.11.2022

Әкімшілік жаза ретінде ҚР аумағынан шығарып жіберуге тартылды

 

Түркістан облысына қарасты Сайрам аудандық сотында ҚР ӘҚБтК 449 бабы 3 бөлігі бойынша Қырғызстан Республикасының азаматшасы B.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. (яғни 449-бап ӘҚБтК. қоғамдық орындарда тиісу)

Соттың анықтауы бойынша, 21 қарашасында 2022 жылы, Сайрам аудандық ІІБ-ң кезекші бөліміне хабарлама келіп түседі, азаматша B. Ақсукент ауылы көшелері қиылысында, қоғамдық орында бола тұра, қайыр садақа сұраған.

Құқық бұзушы B. сот отырысында аталған құқықбұзушылық бойынша өз кінәсін толығымен мойындады.

Сот қаулысымен құқықбұзушы B. әкімшілік құқық бұзушы болып танылып, әкімшілік жаза ретінде ҚР аумағынан шығарып жіберуге тартылды.

Қаулы заңды күшіне енген.

 

 

 

400 қаралым