Түркістан облысына қарасты Кентау көпсалалы колледжі жастарының қатысуымен «Патриотизм дауысы» тақырыбында Мемлекеттік Әнұранды жаппай орындау шарасы өтті. Колледждің педагог ұйымдастырушысы Айгүл Тойшиеваның ұйымдастыруындағы патриоттық іс-шараның мақсаты – білім алушыларды өз Отанын сүюге, әскери қызметтің беделін арттыруға, жастардың әскери борышын өтеуге деген құлшынысын арттыруға, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін қастерлейтін саналы да парасатты азаматтар тәрбиелеу болып табылады. Елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, өз елін, тегін, тарихын білуге тәрбиелеу мақсатында жастарға жүргізілген насихат жұмыстарына колледж ұстаздары да қатысты.