Түркістан облысына қарасты Арыс қалалық Адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Е.Молдабаев атындағы мектеп-интернатында Арыс қалалық ардагерлер кеңесі жанындағы «Әкелер мектебі » кеңесінің 2022 жылға арналған іс-шаралар жоспары аясында Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің бас маманы А.Жунисов, әдіскері Б.Момункулова, ардагерлер кеңесінің төрағасы, ақсақалдар биі Т.Шылманов, «Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметі» сектор меңгерушісі Ж.Абылованың қатысуымен — отбасылық құндылықтарды сақтау, әкелердің бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру, ата-аналардың жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын ұйымдастырудағы рөлін арттыру мақсатында жиын өтті.
Отбасындағы әкенің міндеттері мен жауапкершілігін қалыптастыра отырып, балаларын ұлттық рухта тәрбиелеу, әдеп-ғұрыпты, салт-дәстүрді насихаттау және мектептердегі Ата-аналар комитеті жанындағы «Әкелер мектебі «кеңесінің жұмыстарын жүйелендіру мақсатында Ата-аналар комитеті жанындағы «Әкелер мектебі » кеңесінің мүшелері мен ата-аналар қауымының қатысуымен кеңейтілген кеңес отырысын өткізді.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Арыс қалалық ардагерлер кеңесі жанындағы «Әкелер мектебі «кеңесінің төрағасы Б.Ибрашов баяндама жасады. Күн тәртібіндегі мәселе отырысқа қатысушылар Ата-аналармен қызу талқыланды.