Жарияланды: 27.11.2022

Қылмыстар саны біршама төмендеген

 

 

Түркістан облысына қарасты Төлеби аудандық Қоғамдық кеңесінің жиыны өтті. Отырысқа ауданның бірқатар ардагерлері мен тұрғындары қатысты. Күн тәртібінде 2 мәселе қаралды. Оның біріншісі Ауданда заңдылықты қамтамасыз ету, адам мен азаматтардың құқықтары және бостандықтарының сақталуы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері туралы.

Екіншісі Халыққа қызмет көрсетудің ашықтығы мен сапасы және түсетін ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалу барысы туралы.

Бірінші мәселе бойынша – Төлеби аудандық полиция бөлімі басшысының бірінші орынбасары Ғ.Тұрашбеков баяндама жасады. Аудан көлемінде ағымдағы жылдың 10 айында тіркелген қылмыстар, өткен жылмен осы мерзімде салыстырғанда -2,2 пайызға немесе 181-ден 177 қылмысқа төмендеген. Аса ауыр қылмыстар 3-тен 2-ге тұрақтап, оның ашылымы 100,0 пайызды құраған. Ауыр қылмыстар 45-тен 35-ке немесе 22,2 пайызға төмендеген. Онша ауыр емес қылмыстар 53-тен 48-ге немесе 9,4 пайызға төмендеген. Жалпы есепке алу, тіркеу тәртібі бойынша ағымдағы жылдың 8 айы көлемінде бөлімнің арыздарымен хабарламаларды есепке алу журналына жалпы 2064 оқиғалар мен хабарламалар тіркелгенін айтып жеткізді.

Екінші мәселе бойынша – Төлеби аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы М.Ашрапов аудан бюджетінің 2022 жылдың 1 қыркүйегіне атқарылған жұмыстарының барысымен таныстырды. Оның ішінде қала, ауылдық округ әкімшіліктері бюджеттерінің кіріс жоспарларын артығымен орындағандарды және орындамағандарды атап өтті .

Қаралған мәселелер бойынша кеңес мүшелері тараптарынан сұрақтар қойылып, сын ескертпелер айтылды. Жиын соңында кеңес мүшелері шешімдер қабылдады.

 

277 қаралым