Жарияланды: 27.11.2022

528 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады

 

 

Түркістан облысына қарасты Жетісай ауданы аумағында «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы бойынша рейдтік іс-шарасы кезінде ювеналды полиция қызметкерлері 528 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде: ҚР ӘҚБтК 132-бабы бойынша (түнгі сағат 22:00-ден кейін ойын-сауық орындарында болуына жол берген ойын-сауық орындарын анықтау) — 9;  ҚР ӘҚБтК 440-бабы бойынша (қоғамдық орында мас халде жүрген) — 3;ҚР ӘҚБтК 442-бабының 1-бөлігі бойынша (кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуы) — 11;  ҚР ӘҚБтК 442-бабының 2-бөлігі бойынша (кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін болуы)-450 құқық бұзушылық.

Жетісай аудандық полиция басқармасы өз кезегінде азаматтарға мұқият болуға, сондай-ақ кәмелетке толмаған балаларды қараусыз қалдырмауды ескертуде.

 

327 қаралым