Жарияланды: 27.11.2022

Бітімгершілік келісімнің шарттарын орындауға міндеттенді

 

Түркістан облысына қарасты Сайрам аудандық сотында талап қоюшы А.-ның жауапкер К.-ға тұрғын үйден шығару туралы талап қою бойынша азаматтық істі қаралды.

Талап қоюшы У. сотқа түсірген талап қоюында, 2010 жылғы 1 қарашадағы реестр №ХХХ тіркелген «Сатушы» Г. яғни өзінің атынан сенімхат арқылы М.-мен «Сатып алушы» Ю. арасында Сайрам ауданындағы тұрғын үй жайды жер телімімен сату-сатып алу келісім шартын жарамсыз деп тануды сұраған. Ал қарсы талап қою бойынша талап қоюшы Н. сотқа түсірген талап қоюында, жауапкерлерді Түркістан облысы Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылындағы тұрғын үйден басқа тұрғын үй берместен мәжбүрлеп шығаруды соттан сұраған.

Сотқа тараптар дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы өтінішхат беріп, араларындағы дауды сот медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекітіп беруді сұраған.

Татуластырушы-судьямен істі сотқа дейінгі қарау барысында тараптардың қатысуларымен, келісімді бекітудің және істі қысқартудың салдарын түсіндіру арқылы тараптар бітімге келді.

Сотпен медиативтік келісім бекітіліп, оның шарттары бойынша талап қоюшы У. қарсы талап қою бойынша талап қоюшы Н.-ге Түркістан облысы Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылындағы тұрғын жай үшін, жер телімімен қоса алғанда 2023 жылдың 20 сәуіріне дейін толық 9 000 000 (тоғыз миллион) теңге төлейді.

Қарсы талап қою бойынша талап қоюшы Н. талап қоюшы У.-дан 9 000 000 (тоғыз миллион) теңгені алған кезден бастап, У.-дың атына Түркістан облысы Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылындағы тұрғын жайды жер телімімен қоса алғанда нотариус арқылы рәсімдеп беретін болды.

Ал, талап қоюшы У. қарсы талап қою бойынша талап қоюшы Н.-ге 2023 жылдың сәуіріне дейін 9 000 000 (тоғыз миллион) теңгені толық қайтара алмаған жағдайда жауапкерлер Г., Л., А., М,, Х., И., А., Түркістан облысы Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылындағы тұрғын жайды жер телімімен қоса алғанда Н.-ге өз еріктерімен тұрғын үйден шығып, босатып беретін болды.

Тараптар өз талаптарынан бас тартып, бір-біріне қарсылық білдірмей және өз еріктерімен осы бітімгершілік келісімнің шарттарын орындауға міндеттенді.

Іс бойынша сол тараптар арасындағы дау бойынша, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша екінші рет сотқа жүгінуге жол берілмейтіндігін туралы тараптарға түсіндірілді.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

 

 

 

 

625 қаралым