Жарияланды: 28.11.2022

Тәртіп сақшылары интернет алаяқтығының алдын алу жиынын өткізді

 

Түркістан облысына қарасты Созақ ауданының полиция қызметкерлері интернет алаяқтықтың алдын алу үшін тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Алаяқтардың жиі қолданатын әдісі – азаматтардың жеке деректерін пайдаланып, атына шағын несие рәсімдеу, түрлі қосымша бағдарламалар арқылы онлайн зат сатып алу болып табылады. Сондықтан осы секілді күмәнді қызмет ұсынатындарға сенбеуге кеңес береді. Бүгінде кейбір сайттардағы сауда алаңдарында алаяқтық фактілері жиі кездеседі. Алаяқтар одан бөлек, фейсбук, вКонтакте, мейл.ру, одноклассники, whatsApp, telegram, instagram әлеуметтік желілерін пайдалану арқылы әртүрлі тауар, өнім, қызмет түрлерін сатуға жарнама орналастырады.  Бұл жағдайда сандық көрсетілімі бар белгілі бір өнімді сатқанда алдын ала түрлі банктердегі шоттарға төлем аударуды талап етеді. Кейіннен шот иелерін тексерген кезде олардың өзге адамдардың атынан тіркелгені белгілі болады. Алдын ала төлем жасасқан алаяқтар жәбірленушілермен кез келген уақытта байланыста болады. Интернет алаяқтарының құрбаны болмау үшін: расталмаған сату көздерін пайдаланбау; кез келген жағдайда банк картасы бен шоты туралы мәліметті ешкімге бермеу. Әсіресе, интернет арқылы байланысқан кезде; интернет, соның ішінде әлеуметтік желілер арқылы жасалатын күмәнді мәліметке жоламау; интернет порталдары арқылы мүлікті сатып алу (сату) кезінде ешқашан алдын ала келісім жасамау, төлем жүйелерімен белгісіз тұлғаларға ақша аудармау, автомобиль мен оның қосалқы бөлшектерін сатып алғанда достарыңыз бен таныстарыңызға айтып, сатушымен кездесуді және сатып алынған өнімді тексеруді өтіну қажет. Бұдан басқа да толып жатқан айлакерлік амалдары бар. Әрі уақыт өткен сайын алаяқтар айла тәсілдерін өзгертіп отырады. Олардың басым бөлгінің психологиялық шабуыл жасауды шебер меңгерген. Кез келген адамды торына түсірудің нешетүрлі айла тәсілдерін біледі. Сондықтан да алаяқтардың қара көбейтіп тұрған шақта олардың құрған торына абай болу қажет.

 

529 қаралым