Жарияланды: 28.11.2022

Жол қозғалыс ережесін бұзу оқиғалары фото-видеофиксаторлардың көмегімен анықталады

 

Түркістан облысының патрульдік полиция батальон қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзушыларды алдын алу мақсатында дрон және «КРИС-П» құралдарының көмегімен Жетісай ауданында арнайы профилактикалық рейд жұмыстарын жүргізуде. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен жол-көлік оқиғаларын азайту үшін Түркістан облысының полицейлері жылдың қай мезгілінде болмасын елге адал қызмет атқаруда. Жетісай ауданында соңғы жылдары автокөлік саны артпаса азаймағаны анық. Сондықтанда автокөлік жүргізушілерін көлік басқарғанда ұдайы ережеге бағынып, тәртіпті сақтауы аса қажет.

 

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, бұл құрылғы бірінші кезекте мобильдігімен ерекшеленеді. Осыны ескере келе, «КРИС-П» жылжымалы фоторадар кешенін пайдалану апат деңгейі жоғары жол учаскелерін автоматты тәртіпте бақылап, жолдағы жалпы ахуалды жақсартуға септігін тигізеді. Қазір тұрақты түрде апат деңгейі жоғары жол учаскелерін анықтайтын арнайы сараптама жасалып жатыр. Тәжірибе бойынша көп жағдайда жол қозғалыс ережесін бұзу оқиғалары фото-видеофиксаторлардың көмегімен анықталады.  Бұл құрылғы жолдағы апаттар мен одан зардап шеккендердің санын азайтуға көмекеседі. Сондықтан да түркістандық тәртіп сақшылары жол көлік апаттарының алдын алу үшін қарқынды түрде жұмыстар атқаруда.

 

 

299 қаралым