Жарияланды: 28.11.2022

Алдын алу мақсатында көптеген жұмыс атқарылуда

 

 

Түркістан облысына қарасты Төлеби аудандық ауруханасында әлеуметтік қызметкерлер мен психологтардан құралған «Алдын алу және әлеуметтік -психологиялық көмек бөлімі» қызмет атқаруда.

Жалпы психо-профилактикалық қызметкерлердің негізгі мақсаты-халықтың өмір сүру сапасын жақсарту және жеңілдету болып табылады.

Халыққа психологиялық тұрғыдан көмек беруге ықпал етеді.

Қазіргі таңдағы өзекті мәселелерді (ерте жүктілік, зорлық-зомбылық, өз- өзіне қол жұмсау, отбасындағы тәрбие) аудандық жауапты мекемелермен бірлесе отырып, алдын алу мақсатында көптеген жұмыс атқарылуда. Әсіресе құқықбұзушылықтан зардап шеккендерге көмек қолын созады. Осындай еңбектерін бағалап бүгін әлеуметтік — психологиялық көмек бөлімінің басшысы З.К.Кульжанова Республикалық «EL QURMETY» қоғамдық қорының атынан денсаулық саласында аянбай еңбек еткені және қызметі арқылы өзгелерге үлгі бола біліп, қоғам алдында қызметінің мәртебесін биік ете алғаны үшін «Медицина саласының үздік қызметкері» медалі беріліп, алғыс хатына ие болды.

Төлеби аудандық ауруханасы жауапкершілігі мол, жұмыстарының маманы , жанашыры бола білген осындай қызметкерлерін мақтан тұтады.

 

479 қаралым