Жарияланды: 28.11.2022

«Ғасыр індеті» атты жиын өтті

 

Бүгінде жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу үшін қарқынды жұмыстар атқарылуда. Түркістан облысына қарасты Арыс қаласы Адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де ДТЖЖО М. Ділдәбековтың, АӘД пәнінің мұғалімі М. Өмірбектің, педагог-психолог Б. Бижанованың және мектеп мейірбикесі М. Адастың қатысуымен жоғары сынып оқушылары арасында «Нашақорлықтың алдын-алу және есірткі бизнесіне қарсы күрес бағыты» «Ғасыр індеті» тақырыбында жиналыс болып өтті. Мақсаты-  жасөспірімдерді салауатты өмір салтына баулу, дені сау, қоғамымыз өркенді де өркениетті болуы үшін, нашақорлыққа қарсы күресуі болып табылады. Оқушылара есірткіге еліткен адам қылмысқа бармай қоймайтындығы, құқықбұзушылықтың соңы жазаланумен тынатындығы жайлы тереңірек түсіндірілді. Алдағы уақытта тәрбиелік мәні зор мұндай шаралар жиі өткізіліп тұратын болады.

 

 

364 қаралым