Жарияланды: 28.11.2022

Өзекті мәселе бойынша ой бөлісті

 

Түркістан облысына қарасты Арыс қаласы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінде «Қызға қырық уйден тию» тақырыбында 8-11 сынып қыздарына семинар тренинг өтті.

Мақсаты — Жастар мен жеткіншектер арасында салауатты өмір салты дағдыларының болмауы, ЖЖЖИ және қыздардың АИВ жұғуына бейімділіктеріне қажет емес жүктілік жағдайына ұшырауы, зорлық зомбылық, құқықбұзушылықтың алдын алу, суицидті іс әрекеттерің профилактикасы және репродуктивті денсаулықты сақтау мәселелерін нығайтуды және бойындағы құндылықтары мен адами қасиеттерін дәріптеу.

Семинарға әжелер алқасы және Арыс аудандық орталық ауруханасының акушер-гинеколог А.Кеңес, психолог маманы Ж.Алимбетова қатысып қыздарға өз кеңестерін айтты. Семинарға 58 қыз қатысты. Семинарға қатысушылар өзекті мәселе бойынша ой бөлісті.

 

 

 

314 қаралым