Жарияланды: 28.11.2022

Көлік басқару құқығынан айырылды

 

Көлік құралдарын масаң күйде басқарған жүргізушілерге белгіленген қатаң жазаға қарамастан, кейбір азаматтар Қазақстан Республикасының Жол жүру ережесін өрескел бұзып, өз өміріне ғана емес, басқа да жол қозғалысына қатысушылардың өміріне қауіп төндіруде.

Түркістан облысы Түлкібас аудандық соты есірткілік масаң күйде болған жүргізушіге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады.

Осылайша, Медициналық куәландыру қорытындысы бойынша азамат «Ч» каннабиноидтарды қолданудан есірткілік масаң халде болғандығы анықталған.

Сот қаулысымен, азамат «Ч» Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, он бес тәулік әкімшілік қамаққа алынып, жеті жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айырылды.

Соңымен қатар, алкоголь, есірткі және психотроптық заттар жүргізушілердің әрекет қабылетін төмендететіндіктен, көлікті масаң күйінде жүргізу жол-көлік оқиғасының жиі кездесетін себептерінің бірі екенін атап кеткіміз келеді.

Мас күйінде болған адам қауіпті байқамай ғана қоймайды, сонымен қатар өзінің көлікті басқару қабілетін асыра бағалауға, өзін ақылдырақ, сенімдірек және әсерлі болып сезінеді. Адамның мұндай мінез-құлқының теріс салдары жол қозғалысының басқа қатысушыларына (жүргізушілерге, жаяу жүргіншілерге және жолаушыларға) туындайтын қауіп болып табылады. Олар Жол қозғалысы ережелерінің талаптарын бұзбай, олардың конституциялық құқықтарына еріксіз түрде қол сұғу объектісіне айналады.

 

 

 

587 қаралым