Жарияланды: 28.11.2022

Авиацияның ұшуын басқару тренажерінің функцияларын жоғары бағалады

 

Қазақстанда аккредиттелген әскери атташелер делегациясы екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің әскери институтына барды. Шара халықаралық әскери ынтымақтастықты дамыту барысында ұйымдастырылып отыр. Әзербайжан, Армения, Беларусь, Германия, Үндістан, Иран, Корея, Ресей, АҚШ, Түркия, Украина және Швеция әскери атташелері білім ордасының тыныс-тіршілігімен танысты. Оларға оқу кабинеттері, зертханалар мен тренажер кешендері көрсетілді.

Әуе қорғанысы күштері әскери институтының бастығы полковник Талғат Сыздықов келген қонақтарға әскери жоғары оқу орнының басты жетістіктері мен алдағы перспективалары жайлы айтып берді.

Әскери-дипломатиялық корпустың өкілдері Л-39 ұшағы мен Ми-8 МТ тікұшағының тренажер кешендерінің, сондай-ақ профессор-оқытушылар құрамы мен курсанттар әзірлеп, пайдалануға берілген авиацияның ұшуын басқару тренажерінің функцияларын жоғары бағалады.

Бағдарламада сонымен қоса авиажөндеу зауытының кәсіпорнына бару да көзделген. Одан бөлек әскери дипломаттар қаланың көрікті жерлерімен танысып, Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану мұражайына да саяхаттамақ.

 

313 қаралым