Жарияланды: 28.11.2022

«Қуатты Қазақстан» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті

 

Түркістан облысына қарасты Бәйдібек АПБ жас мамандарымен Бәйдібек ауданы Жастар орталығының қызметкерлерімен ұйымдасып «Қуатты Қазақстан» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел барысында жастар бір-бірімен пікірін алмасып, Жастар ресурстық орталығының заңгер маманы Мамыркүл Смағұлова баяндама оқыды. Бұл іс шараға колледж жастары, өзгеде мекеме жастары қатысып өз шығармаларын оқып шықты.

Бәйдібек АПБ жас мамандары Акежан Амангелді, Түзелхан Нұрбек, Қонтай Мейірбек дөңгелек үстелде өз пікірлерін ашық білдіріп өте белсенді қатысты. Конституцияның негізгі ережелерімен қадыптасатындығын айта отырып, адам, оның құқықтары мен бостандықтары жоғары құндылық екендігін, ал адамның және азаматтың құқықтарын қорғау, сақтау, тану, мемлекеттің міндеті екендігін атап көрсетті. Ал сот жүйесі әрқашан да Қазақстан Республикасының азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғауда заңдылықты қамтамасыз етуде нақты қызметтер атқарады. Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша ұсыныстар әзірленді. 

 

546 қаралым