Жарияланды: 29.11.2022

Іс-шараның мақсаты — жастар мен жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру

 Түркістан облысына қарасты Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Оранғай ауылдық округы М.Қазыбеков атындағы жалпы орта мектебінің оқушылары арасында құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында Сауран аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің инспектор маманы Н.Мирзакулов пен М.Қазыбеков атындағы жалпы орта мектебінің педагог-психолог маманы Д.Садикованың қатысуымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Іс-шараның мақсаты — жастар мен жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру және жасөспірімдер арасында әлімжеттік пен құқықбұзушылықты жою.

Құқықтық сауаттылық – ол мемлекеттің құқықтық негіздерімен, нормаларымен таныс болу. Яғни, өз құқығын білген адам ғана кез келген ситуациядан оңайлықпен шыға алады. Мысалыға, отбасындағы құқық бұзушылық, мектеп, жоғарғы оқу орнындағы құқық бұзушылықты алсақта осылардың барлығын алдын алу үшін өз құқығымызды білуіміз қажет. Себебі қазір құқықтық сауаттылық қоғам үшін маңызды.

Кездесу барысында жастардың өзіне деген сенімділігін қалыптастырып, өз мүмкіндіктерін анықтап, қоғаммен және өзара қарым-қатынастағы жарасымды мінез қалыптастыруын, жастардың өздерін келеңсіз жағдайлардан аулақ ұстауын және өздеріне деген сенімділіктерін арттыру бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, оқушылармен құқықтық сауаттылықты арттыру бойынша практикалық жұмыстар жүргізілді.

Кездесу соңында «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің инспектор маманы Н.Мирзакулов жасөспірімдер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, оларға жаман әдеттерден бойын аулақ ұстап, өз құқықтарын жете біліп, оны өмірде қолдана білуге, құқықтық білімдерін толықтыруға, еліміздің болашағы жастар екенін және қазіргі жастардың мүмкіндіктері жоғары екендігін тілге тиек етті.

 

438 қаралым