Жарияланды: 08.11.2022

САЯСИ РЕФОРМАЛАРДЫ СӘТІМЕН АЯҚТАУ ҚАЖЕТ


2022 жылдың 20 қараша күні Қазақстанда елеулі оқиға – президент сайлауы өтеді. Әрбір қазақстандық азамат өз жауапкершілігін сезініп, дұрыс таңдау жасауы керек. Себебі біз сайлауда елімізді басқаратын, әрқайсымыз үшін маңызды мәселелер бойынша шешім қабылдайтын мемлекет басшысын таңдаймыз.

Бұл — еліміздегі жаңа өзгерістер үшін үлесі жоғары саяси науқан. Еліміздің тағдыры, болашағы – әрқайсымыздың қолымызда. Біздің таңдауымыз – үлкен жауапкершілікті талап етеді. Қазақстанның тұтастығы мен бірлігін сақтауда Мемлекет басшысын дұрыс таңдау ауқымды рөл атқаратыны сөзсіз.
Ең бастысы, бұл саяси оқиғаға немқұрайлы қарамай, өзіміз таңдаған болашаққа қарай қадам жасауымыз қажет. Біз өз таңдауымызды жасау арқылы елімізді басқару ісіне, оның дамуына атсалыса аламыз.
Президент сайлауына баршаңызды қатысуға, дауыс беруге шақырамын. Сіздің дауысыңыз – Қазақстан үшін маңызды.

Еркеғали ШАМШИЕВ,
Ордабасы ауданындағы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы жалпы орта мектебінің директоры

335 қаралым